Қорытқы Менделеев-Клайперон формуласы

Газдың қандай да бір массасының күйі үш параметрдің мәнімен анықталады:
қысым p, көлем V және температура T. Осы параметрлердің бірінің өзгеруі басқаларының
да өзгеруіне алып келеді.

Газ күйі параметрлерінің қатынасын МКТ-нің негізгі теңдеуінен аламыз:

Жоғарыдағы теңдеуге концентрацияны есептеу және зат мөлшері арқылы өрнектелген заттағы мөлекулалар санын есептейтін формуланы қою арқылы жалпы формуланы шығарамыз. 

Концентрацияны есептеу формуласы
Зат мөлшерін табу формуласы

Алынған формула:

Больцман тұрақтысының Авогадро санына көбейтіндісін универсал газ тұрақтысымен алмастырамыз:

Жоғарыдағы формулалардың барлығын ескере отыра газ күйінің формуласын шығарамыз. Оны әдетте Менделев-Клайперон теңдеуі деп атайды. 

Менделеев-Клайперон теңдеуі

Бұл теңдеу газдың кейбір параметрінің өзгерісінің басқа параметрлерге тигізетін өзгерісін сипаттайды. Егер газдың бастапқы күйден соңғы күйге өтуі кезінде оның массасы өзгермесе:
m = const, онда біріккен газ заңы мына түрге келеді:

Теңдеудің қорытқы түрі

Дереккөз : Физика 10 сынып оқулығы. Н.А. Закирова/Р. Р. Аширов,  2019 жыл

Scroll Up