Линза бетінің түріне қарай дөңес (жазық, дөңес, екі жақты дөңес және ойыс- дөңес) және ойыс (жазық ойыс, екіжақты ойыс, және дөңес-ойыс) болып бөлінеді. Дегенмен фокустық аралықты анықтау принципі бір болып қалады.
Егер жинағыш линзаның бас оптикалық осіне параллель жарық сәулелерін түсірсек, олар бір нүктеде, линзаның бас оптикалық F фокусында жиналады. Бұл никте линзаның бас оптикалық осьінде жатады. Линзаның екі жағында орналасқан екі фокус бар. Егер линзаға қосымша осьіне паралель болатын сәуле шоқтарын түсірсек, онда олар бір нүктеде, линзаның қосыша фокусында жиналады.