Идеал газ

Идеал газ дегеніміз не?

Газдар табиғаты күрделі. Миллиондаған газ молекулалары бір-бірімен соқтығысып, әрекеттесе алады. Бұл үрдістерді сипаттау қиынға соққандықтан, адамдар идеал газ концепциясын газдардың әрекетін болжап, тану үшін қолданысқа енгізді.

Идеал газ — өзара әректтеспейтін, молекулалар арасындағы өзара соқтығысуы абсолют серпімді болатын газдың теориялық моделі. 

  1. Идеал газ молекулалары өзара тартылмайды және тебілмейді.
  2. Идеал газ молекулаларының көлемі жоқ немесе шексіз аз.

Идеал газдың қысымы, температурасы және көлемі идеал газ заңы деп аталатын қарапайым формуламен байланысты

ΡV=nRT 

  • P- қысым (Pa)                 
  • V- көлем (m³)
  • Т- температура (K)
  • R- газ тұрақтысы (8,31 J⁄K×mol)
  • n- газдағы моль саны (mol)

Идеал газ занының молекулалық формасы қандай?

Егер сіз моль санының (n) орнына молекула санын қолданғыңыз келсе, идеал газ заңының осы түрде жазуға болады:
 

 PV=Nk(b)T

  • N- молекула саны 
  • k(b)- Больцман тұрақтысы (1.38×10ˆ−23KJ)
Scroll Up