Дене құрылысы : Алабұға. Денесі сүйірлі, бүйірі жағы жалпақтау, денесі бар, тұлға және құйрықтан тұрады. Жұпсыз жүзу қанаттары — арқа , құйрық және жұп жүзу қанаттары көкірек, құрсақ болады.
Жабыны: Терісі сүйекті қабыршақтармен қапталған, теріде сілекей бөлетін бездері болады.
Қаңқасы: бассүйектен, омыртқадан, қабырғалардан, иық және жамбас белбеулерден тұрады. Бас сүйегі ми қорапшасынан , жақ сүйектерінен, желбезек доғаларынан және желбезек қақпақшаларынан құралады.
Бұлшық ет: Сегментті, біртипті, омыртқаға бекиді, әсіресе арқа мен құйрық бұлшық еттері күшті болады. Бұлшық еттер жүзу қанаттарының, жақтарының және желбезек қақпашаларының қозғалысын қамтамасыз етеді.
Асқорыту жолдары: Тісі бар ауызы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ащы ішегі болады, оған бауыр мен қарынасты безінің өзегі ашылады. Ішектің артқы бөлімінде аналь тесігі орналасқан. Ішектің алдыңғы бөлімінен жүзу торсығы шығады. Ол балықтың судағы қозғалысын және жүзуін қамтамасыз етеді.
Тыныс алу жолдары: Желбезектер доға тәрізді жапырақшалардан тұрады. Суды ауызбен жұтады да, желбезектер арқылы шығарады. Ол жерде оттегінің сіңірілуі және көмірқышқыл газының шығарылуы жүреді. Ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі.
Қан айналу жүйесі: Жүрегі екі камералы — жүрекше және қарынша. Қанайналым жүйесі біреу. Венозды қан жүрекшеден, содан қарыншадан өтіп қолқаға түседі. Одан артерия арқылы желбезектегі капиллярларға тарайды.
Шығару жүйесі: Бүйрегі омыртқаның екі жағында орналасады, қара қоңыр түсті болады. Одан ағар түтіктері шығады, ол арқылы несеп қуыққа жиналады да, кейін сыртқа шығарылады.
Жүйке жүйесі: Орталық жүйке жүйесі бас ми мен жұлыннан тұрады. Ал шеткі жүйке жүйесі жүйкешелерден тұрады. Жұлын — омыртқаның каналында орналасады. Бас ми 5 бөлімнен тұрады: алдыңғы, ортаңғы, аралық ми, сопақша ми және мишық, он жұп бас ми жүйкелері болады.
Сезім мүшелері: Көру мүшесі — көз, есту мүшесі — ішкі құлақ, иіс сезу — мұрын қуысында дәм сезу мүшелері (дәм бүршіктері) ауыз қуысында және еріндерде орналасады. Бүйір сызығы дегеніміз — судың қозғалу бағытын және судың ағу күшін қабылдайтын мүше. Сүйекті балықтардың көпшілігінде денесінің тепе-теңдігін сақтау қызметін атқаратын торсылдағы болады. Ал кейбір балықтарда торсылдақ – тыныс алу органы. Балықтар торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді.
Көбеюі : Қос жынысты — ұрғашыларында екі жұмыртқа қабы болады. Оның ішінде уылдырық дамиды. Еркектерінде екі ұрық қапшығы болады, ол жерде сұйықтық (молока) болады, оның ішінде сперматозоидтар дамиды. Дегенмен, балықтардың әдетте дара жынысты, қос жынысты түрлері де бар. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де болады (мысалы, акулалар, т.б.). Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да бар.
Дамуы : Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы бөлінеді де, гаструла, бастула кезеңдерінен өтіп дернәсіл пайда болады (9-14 күн). Дернәсіл уылдырықтың қабықшасын бұзып жеке тіршілік ете бастайды. Ол планктонмен қоректенеді. Дернәсілдерден шабақтар дамиды.