Абсолюттік нөлдік температура- Кельвин шкаласы бойынша нөлге тең температура, мұндай температурада термодинамикалық жүйе ең төменгі энергияға ие болады. Бұл температура Фарангейт шкаласы бойынша — 459,67°Ғ немесе Цельсий шкаласы бойынша — 273,15 °С-қа сәйкес келеді және кез келген жүйе үшін теориялық тұрғыдан ең төменгі температура болып табылады.