Қышқылдардың химиялық қасиеттеріне тоқталайық.
1. Қышқыл + металл= тұз + сутек газы
Белсенділік қатарында сутектің сол жағында тұратын металдар қышқылдармен реакцияға түседі. Реакция нәтижесінде сутек газы мен тұз түзіледі. Бұл типтегі реакиялар азот қышқылына таралмайды.
Осы мысалда сутекін сол жағында тұрған цинк тұз қышқылынан сутекті ығыстырып, цинк хлоридін түзді.
Ал егер металл сутектің оң жағында тұратын болса, реакция жүзеге аспайды.
Ag + HBr→ ∅
Ал осы мысалда реакция жүрмейді, өйткені күміс сутектін оң жағында тұр.
2. Қышқыл + негіз= тұз + су
Бұл реакция — бейтараптану реакциясы деп аталады.
NaOH + HCl→ NaCl + H2O
Ba(OH)2 + H2SO4→ BaSO4↓ + H2O
3. Тотықтырғыш немесе тотықсыздандырғыш
Кейбір реакцияларда қышқылдар күшті тотықтырғыш ретінде қолданалуы мүмкін.
Мысалы, азот қышқылы мыспен реакцияға түскен кезде мыс нитраты, азот оксиді(IV) және су түзіледі. Мыс белсенділік қатарында сутектің оң жағында орналасса да, азот қышқылымен әрекеттеседі.
Cu + 4HNO3 → Cu(NO3)2 + 2NO2 ↑ + 2H2O
Дәл осылай, концентрленген күкірт қышқылы, мысалы, цинкпен әрекеттеседі. Нәтижесінде — цинк нитраты, күкіртсутек пен су түзіледі.
4Zn + 5H2SO4 → 4 ZnSO4+ H2S↑ + 4H2O
Ал тотықсыздандырғыш ретінде бромсутек, йодсутек сияқты қышқылдарды қолданады.
2FeCl3 + 2HI→ 2FeCl2+ 2HCl + I2