Негізгі секреция бездері

 Гуморальды реттелу дегеніміз — қан арқылы жеткізіліп отыратын гормондар мен минералдық заттардың әсерінен ағзаның өз қолайлы күйін ұстауы . Биологиялық белсенді заттарды бөліп шығару арқылы әсер етеді.

Ішкі секреция бездері  шығарған заттар гормон деп аталады. Ол гормондар қанмен бірге таралып өзге ағзалардың толыққанды жұмыс істеуін қамтамаыз етеді .

 

Бездер 3 топқа бөлінеді :

  1. Сыртқы секреция бездері  (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері);
  2. Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);
  3. Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).
Бездер
  • Ішкі секреция бездері

Эндокринді бездер -организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді.

Эндокринді бездер орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.

Гипоталамус-гипофиздік жүйе Гипоталамус — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы». Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) және либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі.Окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады.

Гипофиз — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз — сопақша пішінді, салмағы 0,5-0,7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды). Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы

Қалқанша без — мойынның алдыңғы жағына орналасқан. Оның салмағы-15-30 г. Ол өзара байланысты екі бөліктен тұрады. Қалқанша без қанның құрамындағы йодты сіңіріп, жинақтайды .Йод бұл без гормондарының құрамына енеді. Қалқанша бездің тироксин (тетрайодтиронин, Т4) деп аталады. Сонымен қатар кальцитонин . Тироксин дененің өсу және даму, зат алмасу (нәруыз, май) әрекеттері мен жүйке жүйесінің қозуына әсерін тигізеді. Қалқанша без зат алмасуға, адамның өсуіне, дене салмағына, қимылына және ой еңбектерінің дамуына әсер етеді.

Қалқанша маңы бездері — қалқанша бездің жоғарғы және төменгі жағына жанаса орналасқан. Без паратгормон бөледі. Паратгормон — күрделі құрылысты зат. Ол денедегі кальций мен фосфаттардың алмасуын, тағамның ішектен қанға тез сіңірілуін, зәрмен бірге шығарылуын реттейді. Кальция алмасудың реттелуі паратгормонның және D дәруменінің қатысуымен болады. D дәрумені жетіспегенде сүйектің құрамында кальций азайып, оның қаттылық, мықтылық қасиеті төмендейді.

  • Аралас бездер

Ұйқыбез: ұйқыбез бозғылдау қызғылт түсті, ұзындығы 15-22 см, құрсақ қуысының сол жағында асқазанның астына таман орналасады. Ұйқыбездің сыртқы секрециялық (экзокриндік) қызметі: өзінен бөлінетін ұйқыбез сөлі өзекшесі арқылы тікелей ұлтабарға құйылады. Ішкі секрециялық (эндокриндік) қызметі: ұйқыбездің әр жерінде топтанып орналасқан ерекше жасушалар жиынтығына байланысты. Мұндай топтанып орналасқан жасушалар ұйқыбездің жалпы салмағының 2-10%-ын құрайды. Жасушалар тобы әсіресе ұйқыбездің төменгі ұшында көбірек орналасқан. Адамның ұйқыбезінде мұндай жасушалар тобының саны 1 800 000-ға жетеді, олардың өзегі болмайды.  Сәби және жас кезде ағзаның өсуіне әсер ететін инсулин гормоны, ал қартайғанда глюкагон гормоны көбірек бөлінеді. Ұйқыбездің экзокриндік қызметі асқорыту ферментін бөлу болса, эндокриндік қызметі инсулин, глюкагон гормондарын бөлумен байланысты.

Жыныс бездері сыртқы секрециялық белгісі: ер адамдардың жыныс бездерінде жыныс жасушалары — сперматозоидтар, әйелдер-де жұмыртқа жасушасы түзіледі. ішкі секрециялық белгісі: жыныс бездерінде түзілген жыныс гормондары бірден қанға бөлінеді. Ер адамдардан бөлінетін жыныс гормондары – андрогендер,  оның негізгісі — тестостерон. Әйелдердің жыныс гормондары экстрогендер деп аталады.

 

Scroll Up