Жасушаның құрылымымен танысу және оның негізгі бөліктерін қарастыру үшін, ұлғайту құрылғыларының бірін — микроскопты қолдану қажет.
Микроскоп бактериялар, органикалық жасушалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микронысандардың пішінін, өлшемін, құрылымын, т.б. сипаттамаларын анықтауға, элементтерінің ара қашықтығы 0,2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды ажыратып көруге мүмкіндік береді. Линзаның немесе екі линзадан тұратын жүйенің заттардың үлкейтілген кескінін беретін қасиеттері 16 ғасырдың өзінде белгілі болған.

Микроскопты ең алғаш құрастырған адам (1610 ж.) ретінде әйгілі физика, математика ғалымы Галилео Галилейді қарастырады.
Адамзат үлкен техникалық мүмкіндіктер мен сапасы жақсы кескіндерге 2 линзалы микроскоптың арқасында қол жеткізді. Бұл құрылғының құрылуы ағылшын ғалымы Роберт Гук есімімен байланысты (1965 ж.). Осындай микроскоп заттың бейнесін 30 есе үлкейтіп көрсетті.


Өз заманыңда, микроскоптарды құрайды нағыз шебер болып нидерландық саудагер Антони ван Левенгук (1632–1723) атанды. Ол зат бейнесін 200-270 есе ұлғайтатын линзаларды шығара білді. Линзалар арнайы штативке бекітілді, өйткені мұндай өсімге қол жеткізу үшін зерттелген объектінің линзаға қарама-қарсы және оған белгілі бір қашықтықта орналасуы маңызды. Левенгук өз өмірінде 200-ден астам микроскопты құрды.
Заманауи жарық микроскобының құрылысы

Микроскоптың корпусы табаны мен штативті құрайды.
Штативке заттық үстелше бекітілген және тубус қосылған. Заттық үстелшеге зерттелетін затты қою кажет. Ал тубус сол заттың бейнесін окулярға жеткізеді.
Тубустың үстінгі жағында окуляр орналасады. Окуляр өзінен өтетін сәулелер шоғын жинақтап, объективтен келетін бейнені үлкейтеді. Ал объектив болса, тубустың астыңғы жағында орналасады. Объективтен aлынaтын бейне үлкейтілген, кері, нaқты.
Микроскоптың маңызды бөлігі — жарық көзі, онсыз затты зерттеу үлкен қиындық туғызады.
Жарықтылықты диафрагмамен реттеуге болады.
Макрометрлік және микрометрлік бұрандалардың негізгі мақсаты — заттық үстелшенің орналасуын өзгерту.
Микроскоптың ұлғаюын қалай аңықтауғы болады?
Микроскопқа түсетін бейнені үлкейту үшін екі линза қолданылады. Олардың біреуі — окулярда, екіншісі — объективте орналасқан.
- Назар аудар!
Линзаның ұлғаюы окуляр линза ұлғаюының объектив линзасы ұлғаюына тең.
Ұлғаю = окуляр x объектив.
Мысал:

Ұлғаю = окуляр х объектив = 10 х 10 = 100 есе.
Көбінесе мектептерде ұлғаюы 400 есеге дейінгі микроскоптарды қолданады.