Физикалық шамалар

Физикалық шамалар

13 июня, 2018 0

• СИ жүйесі (Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесі)

Физикалық шамалардың өлшем бірліктері бірден айқындалған жоқ . Бүгінгі қолданылып жүрген бірліктер — тарихи дамудың жемісі . Ертеден бері әр ел түрлі  өлшемдер қолданып келген .  Мысалы , қазақтар ұзындықты өлшеу үшін  : қарыс , елі , сүйем , табан , құлаш  сияқты бірліктерді қолданған . АҚШ пен Англияда осы уақытқа дейін ұзындықтың миля , ярд , фут ,дюйм деген бірліктер қолданылды . Өлшем бірліктердегі жүйесіздік халықтар арасындағы сауда-саттықты қиындатып , өнеркәсіптің дамуына нұқсан келтірді . Осыған байланысты 1793 жылы Францияда өткен Конвенцияда «Өлшемдердің метрлік жүйесі» енгізу туралы аса маңызды шешім қабылданды . Оның негізіне ұзындықтың бірлігі метр алынды . 

1960 жылы Халықаралық бірліктер жүйесі (SI — Systeme Internatinal ; ХБЖ) енгізілді . Халықаралық бірліктер жүйесіне жеті негізгі бірлік , солардың ішінде ұзындық бірлігі — метр (м) , масса бірлігі — килограмм (кг) , уақыт бірлігі — секунд (с) , тоқ күшінің өлшем бірлігі — ампер (А) , температураның өлшем бірлігі — кельвин (К) , жарық күшінің өлшем бірлігі — кандела (кд) , зат мөлшерінің өлшем бірлігі — моль (моль) болып табылады .   

Халықаралық бірліктер жүйесі

Физикалық шама Бірлік атауы Халықаралық белгіленуі Қазақша белгіленуі
Уақыт секунда s с
Зат мөлшері моль mol моль
Ұзындық метр m м
Масса килограмм kg кг
Термодинамикалық температура кельвин K К
Жарық күші кандела cd кд
Электр тоғының күші ампер A А

ХБЖ қосымшалары

• Ұзындық өлшемдері

Халықаралық бірліктер жүйесінде ұзындықтың бірлігі метр [м]  болып табылады .

1нм(нанометр)=10−9м=0,000000001м ;
1мкм(микрометр)=10−6м=0,000001м ;
1мм(миллиметр)=10−3м=0,001м ;
1см (сантиметр) =10-2 м =0,01 ;
1дм (дециметр)= 0,1м ;
1км (километр)=1000м ;

 

Дененің ұзындығын өлшейтін өлшеу құралдары:

Сызғыш
Өлшеу таспасы
Өлшеуіш
Лазерлік қашықтық өлшеуіш

Ұсақ денелердің ұзындықтарын өлшейтін құралдар:

Микрометр
Штангенциркуль
Штангенциркуль
Штангенциркуль

• Аудан өлшемдері

Үлкен және кіші, кең және тар денелерді салыстыру үшін аудан шаршы өлшем бірліктерді пайдаланыңыз.

Бір бірліктен екінші бірлікке қалай көшуге болатынына назар аудар!

Дереккөз : Физика және астрономия 7 сын. Башарұлы Р./Тоқбергенова У. 2007 ж.

Scroll Up